«Ана тілі Аруы - 2020»

1 қазан мен 1 қараша аралығында «Жас ұлан» Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері арасында «Ана тілі Аруы - 2020» Интернет-байқауы өтті. Байқау барысында қатысушылар өздерінің білімдері мен мемлекеттік тілді меңгергендіктерін көрсете алды. Байқаудың мақсаты - «Жас Ұлан» республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мектеп комитеттерінің шығармашылық, белсенді, дарынды белсенділерін анықтау.

Біздің мектептен 6 «Б» сынып оқушысы Бойко Милена байқауға Абай Құнанбаевтың «Ұлақтан кіріп, бойды алар» өлеңімен қатысты.