Оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мәселесі бойынша жүйелі тәсілдемені қалыптастыру.

13 қарашада мектепте қашықтықтан форматта сынып жетекшілер әдістемелік бірлестіктерінің отырыстары өткізілді. Отырыс тақырыбы: Оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғау мәселесі бойынша жүйелі тәсілдемені қалыптастыру.

Отырыстардың күн тәртібінде келесі мәселелер болды:

  • І тоқсан бойынша ТЖ жоспарын орындау қорытындылары, І тоқсан бойынша сынып жетекшілерінің рейтингі;
  • 2020-2021 оқу жылының ІІ тоқсанына қашықтықтан оқыту форматында тәрбие іс-шараларын жоспарлау;
  • су айдындарында жазатайым оқиғалардың, балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын алу бойынша сынып жетекшілерінің жұмысы;
  • ҚР Әкімшілік кодексі. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауапкершілігі;
  • сынып жетекшілерінің ПБЗ-ны пайдалануды болдырмау, нашақорлықтың алдын алу жөніндегі жұмысы.

    Толығырақ...

«Отбасылық дәстүрлер баланың жеке басын үйлесімді қалыптастырудың факторы ретінде»

12 қарашада әр сыныпта қашықтықтан форматта ата-аналар жиналысы өтті.

Ата-аналар қоғамдастығымен өзара іс-қимыл барысында келесі мәселелер қаралды:

  • 1 тоқсанның қорытындысы,
  • жол-көлік оқиғаларының алдын алу,
  • «Отбасылық дәстүрлер баланың жеке басын үйлесімді қалыптастырудың факторы ретінде» тақырыбы (Рухани жаңғыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде),
  • ата-аналарды кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта үйден тыс жерде болуына жол бермеу туралы ақпаратпен таныстыру. 

    Толығырақ...

«Абай – қазақ даласының ұлы» - 1 орын!

Қазақ халқының ұлы ұлының шығармашылығын насихаттау және қазақ әдебиеті мен тарихына деген қызығушылықты ояту мақсатында, қазақ даласының ұлы ұлы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойын мерекелеу жылында 19 қазанда І.Омаров атындағы Қазақ драма театрының залында Абай Құнанбаевтың шығармалары бойынша «Абай-қазақ даласының ұлы» байқауы өтті. Әлеуметтік жоба аясында өткен байқау Абай Құнанбаевтың қазақ әдебиетіне қосқан үлесін еске салды. Өйткені, оның шығармалары бүгінгі күні де өзектілігін жоғалтпайды, бұл өте маңызды! Абай шығармашылығы қазіргі ұрпаққа қызықты. Қаланың әр түрлі мектептерінен келген 5-11 сынып оқушылары екі кезеңде сахна мәдениетін, орындау шеберлігін, әртістігін, ұлы қазақ ақынының шығармашылық ниетіне енуін көрсетуге тиіс болды.

Мектеп Ильдинбаева Дананы (11 «А») Кадирова Сауле Кенжегуловнаны 1 орынмен құттықтайды!

Толығырақ...

«Ана тілі Аруы - 2020»

1 қазан мен 1 қараша аралығында «Жас ұлан» Республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенділері арасында «Ана тілі Аруы - 2020» Интернет-байқауы өтті. Байқау барысында қатысушылар өздерінің білімдері мен мемлекеттік тілді меңгергендіктерін көрсете алды. Байқаудың мақсаты - «Жас Ұлан» республикалық бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы мектеп комитеттерінің шығармашылық, белсенді, дарынды белсенділерін анықтау.

Біздің мектептен 6 «Б» сынып оқушысы Бойко Милена байқауға Абай Құнанбаевтың «Ұлақтан кіріп, бойды алар» өлеңімен қатысты.

Толығырақ...

Тағы да жүлделі орын!

Хван отбасын құттықтаймыз (4 «Г» сынып). Қалалық "Парасатты отбасы" онлайн байқауының "Шығармашылық отбасы"номинациясы бойынша 3-орынға ие болды!

Толығырақ...

Сенім телефоны. Егер қиын болса - жай қоңырау шал.

Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Психологиялық қолдау және қосымша білім беру өңірлік орталығы" КММ консультациялық-психологиялық, құқықтық көмек  көрсетеді. Орталыққа кез келген уақытта жүгінуге және тегін мен анонимді қолдау алуға болады.

Балалар, жасөспірімдер және олардың ата-аналары үшін тәулік бойы сенім телефоны жұмыс істейді.

Тәулік бойы сенім телефоны 37-08-58 (анонимді) 

Толығырақ...

«Сыбайлас жемқорлық - қоғамға қауіп және әлеуметтік кесір» байқауында 3 орын!

8 «А» сынып оқушысы Лекарев Глеб "Адал Ұрпақ" патриоттық клубтарының облыстық сырттай байқау қалалық кезеңінде «Сыбайлас жемқорлық - қоғамға қауіп және әлеуметтік кесір»! буктрейлердердің байқау номинациясында 3 орынға ие болды. 

Құттықтаймыз!

Толығырақ...

«Денсаулық фестивалі-2020»

«Қостанай қаласы әкімдігі білім бөлімінің  № 16 орта мектебі» ММ-сінде 2020 жылғы қыркүйектің 7-11 аралығында «Салауатты өмір салты туралы» 2050 бағдарламасын орындауында, оқушылар арасында спорттық шеберлігінің білім деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын дамыту және насихаттау, «РуханиЖаңғыру» бағдарламасын іске асыру, сондай-ақ  білім алушыларды  спортпен шығулдануға қатыстыру мақсатында, 1-ші мен 11-ші сыныптың барлық оқушылары қатысып жыл сайынғы «Денсаулық фестивалі» өткізілді. Бірақ, қашықтық форматында өткізілді. Жұмыстар былайша берілген:

Толығырақ...

Педагогикалық кеңес

Жаңа оқу жылының басталу қарсаңында қашықтық форматында педагогикалық кеңес өткізілді,  онда 2019-2020 оқу жылының қорытындысы шығарылды. Педагогикалық кеңес барысында директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары В. Г. Довгаль оқу, ғылыми-әдістемелік жұмысы бойынша қорытындысы, директордың ТЖ жөніндегі орынбасары Белоглазова В. М. тәрбие бағытындағы жұмысы туралы қорытындыланды.

Толығырақ...