"Инновациялық сабақ - мұғалімнің педагогикалық мәдениетінің айнасы".

«Қостанай облысы бойынша ПҚ БАИ «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалында  дене шынықтыру пәні мұғалімдерінің педагогикалық тәжірибесін жинақтау мақсатында 30 қазан мен 2 қараша аралығында "Инновациялық сабақ"шеберлік сыныбы өтті. Облыстық байқауға дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Кинтаев Медет Сункарович белсенді қатысты. Оның «Ойындардағы техникалық әдістерді зерттеу»  сабағы 1 дәрежелі дипломмен марапатталды. Мектеп әріптестері мен оқушылары Медет Сункаровичті  облыстық байқаудағы лайықты және сенімді жеңісімен құттықтайды!

Медет Сункарович, Сізге қол жеткізген жетістіктеріңізбен тоқтап қалмауыңызды, әрқашан да алға басып және шыңдарды бағындыруыңызды тілейміз. Табысқа жету жолында әрдайым бақытты жұлдыз жарқырай берсін!